Оқырман колледжі

  “Оқырман колледжі” жобасы аясында кітапхананың оқу залында “Көркем фильмдер түсірілген кітаптар” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты-баспа кітаптарын оқуды мен фильмдерді көруді ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу.
  Кітапхана оқырмандарына киноматографтармен экранға шыққан әдеби туындылармен танысуға және олардың жақсы тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді. Оқырмандар кітап оқуды немесе кино көруді таңдайды ма екен? Әлде кітап пен киноны ма?
  Көрмеге белгілі қазақстандық жазушылардың кітаптары, орыс классикалық әдебиеті, кеңес дәуірінің классикалық әдебиеті және шетел әдебиеті қойылды. Бұл шығармалардың барлық кейіпкерлерін бүкіл әлем халқы жақсы көреді.
  Барлық ниет білдірушілерді көрмеге қатысуға шақырамыз!