Брейн-ринг “Менің Республикам”
Ағымдағы жылдың 19 қазанында тарих пәнінің оқытушысы К. А. Малгаждаров “Менің Республикам” атты интеллектуалды брейн-ринг ойынын өткізді. Ойын “Республика күнін”мерекелеуге орайластырылды. Брейн-рингке әр бөлімнен 5 команда қатысты: “Номад” командасы (Гуманитарлық бөлім), “Барыс” командасы (Экономикалық бөлім), “Астана” командасы (Политехникалық бөлім), “Ақ Орда” командасы (Энергетикалық бөлім), “Сарыарқа” (Ақпараттық технологиялар бөлімі).
Ойын бірнеше турдан тұрды: “Анаграмма”, ” Ассоциация”, “Сіз терминдерді білесіз бе?”, “Күнді атаңыз”, “Суретті тап”, “Сәтті мүмкіндік”, “Дұрыс-бұрыс”, “Сәйкестендіру”, “Сұрақ-жауап”.
Ойын қорытындысы келесідей бөлінді:
1-орынды “НОМАД” (Гуманитарлық бөлім)командасы иеленді
2-орын – “АСТАНА” командасы (Политехникалық бөлім)
3-орын – “АҚ ОРДА” командасы (Энергетикалық бөлім)
4-орын – “САРЫАРҚА” командасы (Ақпараттық технологиялар бөлімі)
5-орын – “БАРЫС” командасы (Экономикалық бөлім)
Ойын әсерлі және қызықты өтті!
Барлық командалар естелік дипломдармен марапатталды. Гуманитарлық бөлімінің “НОМАД” командасын жеңісімен құттықтаймыз! Баршаңызға “Республика күні” құтты болсын!



