Қай кезде де өзара көмек өмір сүрудің қажетті шарттарының бірі болды. Бұл дана қағидаға негізделген: егер сіз өзіңізді толық адам ретінде сезінгіңіз келсе, басқаға көмектесіңіз. Ал біздің ИнЕУ жоғары колледжінде де студенттер осы қағида бойынша өмір сүреді. Жетілу, тәуелсіздік және өзіндік ерекшелік – бұл біздің ерікті студенттерімізге тән қасиеттер. Жақында олар “БІРГЕ” Аймақтық еріктілер фронт – офисі ұйымдастырған “team building” – ке барды. Қатысушылар әртүрлі іс-шараларда өз күштерін сынап көруге және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды, өйткені бағдарламада әр түрлі сайыстар болды: бұл қоқыстарды жинау және сұрыптау бойынша жарыс және көңілді старттар болды, ал соңында олар пикникте көңіл көтерді.