Педагогтің білім беру қызметін арттырудың міндетті шарты-тәжірибе алмасу.
Колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы – өз ойларымен, жетістіктерімен басқалармен бөлісудің жақсы мүмкіндігі.
Әдістемелік бірлестіктің кезекті отырысы 2022 жылғы 19 мамырда Түсті металлургия жоғары колледжінің базасында өтті. Пікірталас алаңының тақырыбы «Педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелілігін жетілдіру қабілетінің дәлелі».
Директорлардың орынбасарлары ТжКБ жүйесінің білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының әдістемесі, жатақханаларда тұратын студенттермен жұмыс және басқа да мәселелерді талқылады.
ИнЕУ ЖК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. К. Апаева колледждің аға кураторы Т. А. Фелькермен бірлесіп жарыққа шығарған ТжКБ жүйесінің сынып жетекшілік жұмысын жаңадан бастаған мамандарға тәрбие жұмысы жөніндегі нұсқаулықтың жарияланған авторлық әзірлемесімен таныстырды.
Ұсынылған әдістемелік ұсынымдар практикалық бағытқа ие, көп жылдық жұмыс тәжірибесіне әзірленген, диагностика, сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау, студенттердің ата-аналарымен жұмыс бойынша материалдарды қамтиды.
Талқылау барысында алаңға қатысушылар басылымның өзектілігін, жинақталған тәжірибенің құндылығын және оны таратудың қажеттілігін атап өтті. Жұмысты бағалау жоғары болды.
Іс-шараға облыстық Білім басқармасының өкілдері қатысып, пікірталас алаңына қатысушылардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби және әлеуметтік құзыретті тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі директордың орынбасарларының көпқырлы қызметін атап өтіп, қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.