22.04.2022 ж. ИнЕУ психологы В.В. Костюк педагогикалық құрамға арналған «Студенттер арасында буллинг пен суицидтік бейімділіктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқу орны қабырғасында қудалаудың алдын алу, сондай-ақ студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау.
Педагогтарға қақтығыстың барлық қатысушылары үшін буллингтің салдары айтылды. Сондай-ақ, қудалау жағдайында не істеу керек және мұғалім тұлғааралық қатынастардағы жанжал жағдайларының алдын алуға қалай болатындығы туралы ұсыныстар берілді. Педагогтарға буллинг пен суицидтік бейімділіктің алдын алу бойынша жадынамалар электронды нұсқада жіберілді.