Ерте жүктілік

2022 жылдың 19 сәуірінде ИнЕУ жоғары колледжінде «Ең үздік, үздік» байқауы аясында П-319 тобының сынып жетекшісі Қашкенова Айгуль Мирашовна «Ер/Әйел» Ток шоу форматында «Ерте жүктілік» тақырыбында ашық сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Іс – шараның мақсаты-ерте жүктіліктің алдын алу.

П-319 тобының студенттері өмірлік жағдайды модельдеді: 25 жастағы Тагирдің 15 жасар қызы Анельдің жүктілігі. Қатысушылар келесі кейіпкерлерді ойнады: басты кейіпкердің анасы мен әпкесі, Тагирдің әйелі және оның бұрынғы қызы, психолог, нарколог, заңгер, шіркеу қызметкері, әйгілі шоудың жүргізушілері Александр Гордон мен Юлия Барановская.

Өз рөлдерін сомдаған студенттер, әр кейіпкердің әлеуметтік және заңды жауапкершілігін, ерте жүктіліктің себептері мен салдарын көрсетті. Осы жағдайды талқылауда белсенділік танытқан аудитория осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар білдірді.