2022 жылғы 5 сәуірде Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжіне Павлодар қалалық «Жасыл ел» штабының өкілдері: Алдыбаева Махаббат Жанатовна (штаб командирі) және Ғазиз Айбек Ерланұлы (штаб менеджері) келді. Олар штаб жұмысы туралы толық ақпарат беріп, колледж студенттерін жазғы демалыс кезінде штаб қызметіне белсенді қатысуға шақырды. Студенттер демалыс уақытын пайдалы өткізетінін айтты. Олар туған қаласын көгалдандырумен айналысып, атқарылған жұмыс үшін әрбір студент жалақы алатын хабардар етті. Бұл білім алушылар үшін жазғы күндерін пайдалы өткізуге тамаша мүмкіндік.