ИнЕУ ЖК жатақхана студенттерінің Павлодар қаласы ПОБ тобының жасөспірімдер полиция инспекторы, полиция капитаны Рада Олеговна Касымовамен кезекті тақырыптық кездесуі өтті.
Студенттермен кездесу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында өткізілді. Әңгіме барысында инспектор кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы мәселесін қозғады.
Рада Олеговна әңгімелесу барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жасөспірімдердің жауапкершілігіне тоқталды. Жасөспірімдерге кәмелетке толмағандар үшін жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін қай жастан бастап әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік басталатыны және қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.
Сондай-ақ, инспектор жатақханалар мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, ересектерге құрметпен және әдептілікпен қарау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда ересектердің қарауынсыз болуы мәселелерін қозғады.