Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту – білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын жетілдіру шарттарының бірі. Үкімет тарапынан да көптеген жұмыстар атқарылуда. Осындай іс-шаралардың бірі 2022 жылғы 14-16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» ұранымен өткізілген Республикалық студенттік слеттін айтуға болады.
Аталған слетке барлық облыстар мен мегаполистерден белсенді студент жастар шақырылды. Олардың ішінде ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Булатова Эльмира Бақытовна да болды.
Кездесу еркін форматта өткізіліп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.