2022 жылдың 13 сәуірінде ИнЕУ жоғары колледжінде “Память” іздестіру жасағының кезекті отырысы өтті. Балалар топ жетекшілерімен бірге атқарылған жұмыстары туралы аса қызығушылықпен айтып берді.
Атқарылған жұмыстар туралы «Бессмертный полк» жетекшісі Н.М. Ашикбаев баяндама жасады. ИнЕУ жоғары коледжінің “Бессмертный полк” сайтына студенттер ақпаратты өңдеу және материалдарды жүктеу жұмыстарын жүргізді.
А.Р. Тусупов бастаған іздестіру тобы 314 атқыштар дивизиясы құрамында ҰОС қатысушыларының электрондық деректер базасын құру бойынша жұмысты жалғастырды. Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде және зерделенген мұрағат құжаттарының негізінде “Память народа” және “Подвиг народа” сайттарында 314 атқыштар дивизиясының қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздарының тізімдері жасалды.
Іздестіру топтарының жетекшілерінің есептерін тыңдаған директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. К. Апаева орындалатын жұмыстың маңыздылығын түйіндеп, студенттерді хабарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарын жалғастыруға шақырды. Бұл жұмыс оқушылардың бойында азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға, танымдық қызығушылықтарын тәрбиелеуге және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.