Колледждің «Ең үздік оқытушы!» деген іс шарасында 06.04.2022 жылы энергетика бөлімінің оқытушысы Нечай Ольга Александровна ТОРО ПЗ-210 тобының студенттерімен «Біз – болашақ энергетиктер» брейн-ринг ашық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: таңдалғанға маманға қызығушылықты дамыту; ұжымда жұмыс істей білу; өз ойын дәл жеткізе білу; қабылданған шешім үшін жауапкершілікті тәрбиелеу. Сонымен қатар, іс – шара кәсіптік бағдар беру сипатына ие болды, өйткені оған қонақтар ретінде ИнЕУ оқытушылары шақырылды: Харченко Светлана Петровна – ИнЕУ инженерлік-технологиялық факультетінің аға оқытушысы, «Электр энергетикасы», «Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің электр жабдықтары мен электр шаруашылығы» білім беру бағдарламаларының жетекшісі және Акижанова Гульмира Кыдырбаевна – ИнЕУ инженерлік-технологиялық факультеттің аға оқытушысы, білім беру бағдарламаларының жетекшісі «Металлургия», «Жылу энергетикасы». Сондай – ақ, іс – шараның қонақтары: ИнЕУдің ЖК индустриялық кеңесінің өкілдері: Жоратаев Арман Сағынтайұлы – техникалық қызмет көрсету цехының кезекші электр монтері, «Қазақстан алюминийі» АҚ, ИнЕУдің ЖК түлегі және Бобко Роман Игоревич – есептеу құралдарын пайдалану жөніндегі инженер, «ПРЭК» АҚ, ИнЕУдің ЖК түлегі.
Ойынға әрқайсысы 4 адамнан тұратын үш команда қатысты. Ойын үй тапсырмасынан және алты турдан тұрды. Әр турдың тапсырмалары өткен материал бойынша болды және әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленді. Балаларға тапқырлыққа арналған, блиц-турнир, электр станцияларының технологиялық процесінің схемалары және кроссворд сұрақтары ұсынылды. Ойынды бағалау үшін қазылар алқасы құрылды, оның құрамына іс-шара қонақтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамитова Асем Төлегенқызы, колледж әдіскері Божкова Светлана Аркадьевна және оқытушылар кірді. Қазылар алқасы ойынның барысын мұқият қадағалап, жауаптардың жылдамдығын, дәлдігі мен нақтылығын ескере отырып, әділ баға берді.
Іс-шара соңында жеңімпаздарды марапаттау, сондай-ақ ИнЕУ-де әрі қарай оқу бойынша ИнЕУ оқытушыларымен, сондай-ақ «Қазақстан алюминийі» АҚ және «ПРЭК» АҚ энергетика саласы үшін базалық кәсіпорындар өкілдерімен біздің түлектерімізді жұмысқа орналастыру және олар таңдаған мамандықтың ерекшеліктері бойынша әңгіме өтті.
Іс-шара жоспар бойынша өтті, барлық мақсаттарға қол жеткізілді.