2022 жылғы 25 наурызда Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінде заң пәндерінің оқытушысы А. Ж. Маусымбекованың басшылығымен “Патриоттар” (П-319) және “Блицкриг” (П-230) командалары арасында “Қаңтардағы тәртіпсіздіктер” тақырыбында пікірталас өткізілді.
Іс – шараны өткізу мақсаты-студенттердің білім деңгейін, сыни ойлауын, шығармашылық белсенділігін арттыру, студенттердің азаматтылығы мен патриотизмін дамыту. Пікірталас Карл Поппер форматында өтті.
Пікірсайысқа қатысушылар шешендікпен жарысып, Қазақстан Республикасының егемендігі жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы әңгімеледі. Барлық қатысушылар жақсы зияткерлік қабілеттерін көрсетті. Пікірталас қорытындысы бойынша “Блицкриг” (П-230) командасы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Болашақта жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!