2022 жылдың 1 наурызында модератор А. С. Нұрғазинова «Сlasscraft қолдану арқылы сабақта рөлдік ойын жасау» тақырыбында «Ақпараттық технологиялар студиясы» шығармашылық тобына оқыту семинары өткізді.
Classcraft – бұл қызықсыз және әдеттегі сабақтарды ойынға айналдыруға мүмкіндік беретін онлайн-жүйе. Бұл қосымшадағы мұғалім dungeon Master’a рөлін атқарады және тәжірибе ұпайлары мен басқа да бонустарды студенттер арасында таратуға қабілетті.
Сабаққа оқу процесін қызықты және заманауи етуге ниет білдірген 20-дан астам педагог қатысты.