25 ақпанда ИнЕУ жоғары колледжінде Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына 33 жыл толуына орай «Соғыста өткен жастық шақ» тақырыбындағы ерлік сабағы бір минут үнсіздікпен басталды. Қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алуға Отан шегінен тыс өзінің қызметтік борышын орындаған қонақтар: Исенов Марат Қабдылмажитович және Мұстафин Оразбай Жасауович келді.
Әдеби-музыкалық композиция барысында Ауған соғысының өлеңдері мен әндері шырқалды. Студенттер Ұлы Ауғанстаннан анасына хат жазған ұлының, ал анасы оның амандығын тілеген сахналық қойылымнан үзінді көрсетті. Марат Қабдыллмажитович пен Оразбай Жасауович Ауғанстандағы өз қызметі туралы айтып, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында студенттер ұрпақтар байланысы қажет және жас Кеңес сарбаздары өз міндеттерін абыроймен орындағанына тағы бір көз жеткізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. К. Апаева қонақтарға алғысын білдіріп, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Әскери-патриоттық іс-шараның мақсаты: тарихты есте сақтау, патриотизмге тәрбиелеуді қалыптастыру. Іс-шараны ұйымдастырып, студенттерді дайындаған АӘД оқытушылары Н.Т. Магзумов пен М.И. Джанахметовтың еңбегін атап өткіміз келеді. Дайындық барысында белсенді қатыстысқан 1 курс студенттері: Ж.Абильханова, Б.Қалым, А. Якупова, Ы. Жұмабай, А.Аксенов, А.Тайлакова, Г.Омарова, Ж.Сагатова, Д.Тілебалды, А.Садвакасова.