2022 жылғы 17 ақпанда ИнЕУ Жоғары колледжінде ОПБ жасөспірімдермен жұмыс тобының полиция капитаны Р.О. Қасымованың 1 және 2 курс студенттерімен кездесуі өтті. Әңгіме-сұхбат тақырыбы: «Жол қозғалысы Ережелері және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтармен танысу». Мұндай әңгіме-сұхбаттар студенттер арасында жиі өткізіліп отырады, өйткені бұл тақырыптар кәмелетке толмағандар арасында өте өзекті. Студенттер жол ережелерін елемей, күн сайын құқық бұзушылықтар жасайды. Біз оларға олардың салдары қандай болатынын және одан кейін қандай жаза болатынын мүмкіндігінше жиі еске салуымыз керек.