21.02.2022 жылы ИнЕУ ЖК студенттері Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Е.Е. Шәкіровпен кездесіп, «Интернеттегі алаяқтық» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында студенттерге интернеттегі қылмыстарды жасаудың ең көп таралған тәсілдері (2021 жылы-Ред.) – бұл жарнама арқылы тауарға немесе қызметке алдын-ала төлем алу екенін айтты.
Ерқанат Ерланұлы 8 200 қылмыс түрі осы инетернет арқылы жасалып, оларға тергеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
Сонымен қатар 2021 жылы ең көп таралған қылмыс түрлеріне тоқталды.
«2021 жылдың басынан бері микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн-қарыздарды рәсімдеуге байланысты 3 мыңға жуық қылмыс жасалды. Сондай-ақ қазақстандықтардың жеке деректерін алғаннан кейін банктік шоттардан ақша қаражатын ұрлау бойынша қылмыстар танымал болды. Олардың саны (өткен жылы – Ред.) 2,3 мыңға жетті, көп жағдайда алаяқтар банк қызметкерлері болып көрінді және ауыстыру нөмірлерінен қоңырау шалды. Көптеген жағдайларда жәбірленушілер өз деректерін фишингтік интернет-ресурстарға өз еркімен енгізген. Шамамен 2 мың. алаяқтық түрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияларға, ставкаларға және т.б. тиімді ақша салу сылтауымен жасалды», – деп атап өтті Ерқанат Ерланұлы.
Студенттер өз тараптарынан алған ақпараттары үшін ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұруына ниет білдірді.