Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Акцияның негізгі мақсаты – құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік. «Таза сессия» бастамашыларының басты мақсаты – студент жастарға сыбайлас жемқорлық деген не және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру.
2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы кезеңінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту мақсатында колледжде “Таза сессия”акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға 690 респондент қатысты. Қорытындылай келе, оқытушылар құрамы мен колледж студенттерінің бірлескен күшімен Біз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және біздің оқу орнымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны орындау бойынша барлық шараларды қабылдай аламыз және қабылдауға тиіспіз.
Біз жастардың алған білімдері олардың өмірінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен жанаспауға көмектеседі деп санаймыз.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Болашақ жас ұрпақтың қолында!