«Есірткі туралы аңыздар мен шындық» тақырыбында онлайн конференция

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық мәселесі бүгінгі күні өте өзекті болып отыр. Қазір әлемде есірткі тұтыну орасан зор сандармен сипатталады. Бүкіл әлемде жасөспірімдердің есірткі заттарын пайдалануының өсуі байқалады.

Көбінесе есірткі көшедегі жасөспірімдерге, құрдастар қоғамына қол жетімді, мұндай жағдайлар тіпті мектептерде де кездеседі.

Алдын алу мақсатында, 3.02.2022ж. ИнЕУ ЖК 1-2 курс студенттерімен “Есірткі туралы аңыздар мен шындық” тақырыбында онлайн конференция өтті. Іс – шара Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликовамен бірлесіп ұйымдастырылды. Ол онлайн-семинарда өзінің тұсаукесерінде есірткі туралы мифтер туралы айтып берді.

Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының подполковнигі И.А. Темірғалиев осы санаттағы адамдардың құқық бұзушылық статистикасын, есірткі заттарын қолданғаны және таратқаны үшін құқықтық аспектілер мен қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.

Кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі және басқа да психобелсенді заттарды пайдалануы — бұл халықтың денсаулығына, әлеуметтік салаға, ұлттың тектік қорына, тұтастай алғанда қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі және басқа да психобелсенді заттарды пайдалануы — бұл халықтың денсаулығына, әлеуметтік салаға, ұлттың тектік қорына, тұтастай алғанда қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Психолог Куликова А.А. студенттер тәуліктің кез келген уақытында қоңырау шалып, мәселелерімен бөлісе алатын телефон нөмірімен бөлісті. 8-800-080-34-34 – Медициналық-психологиялық көмек қызметі.