Назар аударыңыздар!
Павлодарда бір тәулікте СOVID-19 індетін жұқтырғандар саны күрт өсті. 19 қаңтардан 20 қаңтар аралығында 710 адамнан коронавирус диагнозы анықталды. Жазылып шыққандар-35. ИнЕУ ЖК-де студенттерге вакцинация және ревакцинация жүргізіледі.
Вакциналар: QazVac, Спутник Лайт.
Pfizer-18 жасқа дейінгі және 60 жастан асқан адамдар үшін.
Барлық колледж студенттерін коронавирусқа қарсы бірінші вакцинаны алғысы келетіндерді және ревакцинация кезеңіне келгендерді (вакцинаның екінші компонентінен кейін 6 айдан бастап) шақырамыз.
Сіздерді 26 қаңтар күні сағат 10:00-де Ломова, 45 мекен-жайындағы Акт залында күтеміз.