19 қаңтарда ИнЕУ жоғары колледжінің психологы В. В. Костюк бірінші және екінші курс студенттерімен “Қиын жағдайда не істеу керек?» тақырыбында ZOOM конференциясы өтті. Конференция практикалық сабақ түрінде өтті. Студенттер психологпен бірге күйзелісті жеңілдету үшін психологиялық жаттығуларды үйреніп, қайталауға тырысты. Оларға әртүрлі тыныс алу әдістері, күш түсіру жағдайында бұлшықеттерді босаңсыту әдістері, сондай-ақ күйзелістік жағдайдағы байбаламды жеңілдету үшін «Көбелек» әдісі ұсынылды. «Көбелек» әдісі кезектесіп «оң-сол» ынталандыру болып табылады: адам ырғақты түрде иығына, тізесіне немесе жамбасына айқастырған қолдарын тигізеді. Сол қол оң жақтан, ал оң қол, керісінше, сол жақтан тигізеді. Бұл өзін-өзі коучингтік жаттығу күйзеліс жағдайын реттейді, мысалы, қиын әңгіме алдында және оның барысынды дәрменсіздік сезімін жоюға көмектеседі. Конференция соңында балаларға педагог – психолог нөмірі мен сенім телефонының нөмірі берілді, осылайша олар әрқашан қажетті психологиялық қолдауды алуға мүмкіндік алды.