Үздік Заңгер – 2021

Заң пәндері апталығын өткізу аясында “Құқықтану” мамандығының 1-3 курс студенттері үшін оқытушы А.Ж. Маусымбекова жыл сайынғы дәстүрлі “Үздік заңгер-2021″байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты- студенттердің кәсіби өсуін ынталандыру, білім беру қызметін шығармашылық жұмыс ретінде қабылдау арқылы жоғары білікті заңгерлерді кәсіби даярлауды жүзеге асыру. 

Байқау бес кезеңнен тұрды. Оларды жүргізу кезінде мұғалім логикалық дәйектілік пен өзара байланысты ұстанды. “Үздік заңгер-2021” байқауының нәтижелері қатысушылардың кәсіби дайындығының жоғары деңгейі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың барлығы колледжде алған құқықтану саласындағы теориялық білім мен дағдыларды сәтті қолданды.

Қазылар алқасының құрамына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамитова А.Т., колледж әдіскері Божкова С. А., заң пәндерінің оқытушысы Мырзагожина Г. Т. және “Үздік заңгер-2020” байқауының жеңімпазы, “Құқықтану” мамандығы бойынша колледж түлегі Абишева Руфина шақырылды.

Болатбек Дана «Үздік заңгер – 2021» деп танылды. Жеңімпаз лентасын түлек Әбішева Руфинадан биылғы жылдың жеңімпазы Болатбек Данаға салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

“Үздік қорғаушы” номинациясында Анастасия Малахова, “Үздік шешен” номинациясында Бауыржан Хансанов, “Ең үздік құқық білгірі ” болып Нурай Мусина танылды.

Байқау жеңімпазын құттықтаймыз және заң мамандығының студенттеріне дайындықтары мен белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!