Бүгін, 22.12.2021ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік ұланы” сыйлығын беру байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Номинациялардың бірі – “Спорттық шеберлік”. Бұл номинацияда екі жүзден астам үміткер жүлдені жеңіп алу құқығы үшін күресті. Олардың арасында әр түрлі деңгейдегі турнирлердің жеңімпаздары бар. Медаль мен ақшалай сыйлықтың иегері ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Штрек Александра Александровна болды. Медальді облыс әкімі А.Б. Скаков табыстады, ол жеңімпаздарды Оқушылар сарайының залында құттықтау сөзімен қарсы алды. Іс-шара мерекелік концертпен сүйемелденді. “Павлодарнюс” АА тілшісіне берген сұхбатында Александра өзінің еңбектері үшін облыс әкімінің қолынан жоғары марапат алып, екі есе бақытты екенін айтты.