Сиқырлы Жаңа жыл мерекесі бізге жақсы көңіл күй мен қуаныш сыйлайды және ғажайыптар мен тілектердің орындалуына үміт береді. Біз студенттік мерекелерді қалай жақсы көреміз десеңізші! Ең көңілді мереке – сірә, бұл жаңа жылдық кеш. Семестр біткеннен кейін тағы қай жерде осындай керемет демалуға болады! Біздің студенттік іс-шаралар әрқашан күш-қуаттың, сезімнің және шығармашылықтың керемет серпілісімен ерекшеленеді.
Сонымен, 21 желтоқсан күні Студенттік кеңес мүшелері мен колледж белсенділері бірінші курс студенттерінің жаңа жылдық би кешін өткізді. Ол жерде: сайыстар, ойындар, жалынды флешмоб, Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы болды. Біз бәріміз керемет көңіл көтердік.