“Память” іздестіру қозғалысының жұмысы

Жарты жылдан аз ғана уақыт  болған 312-ші атқыштар дивизиясының тарихы қасіретке толы. Бұл дивизия 1941 жылдың шілде айының ортасында Ақтөбеде құрылды. Оның жалпы саны 11 347 адамды құрап, номиналды – 14,5 мың сарбаздар мен офицерлерге айтарлықтай жетпей қалды. Мәскеу маңындағы фашистік басқыншылармен болған екі аптадағы қатыгез шайқастарда ол жеке құрамның 90 пайызын жоғалтты. Дивизияның сарбаздары мен офицерлері өз өмірлерін қиып, аса маңызды стратегиялық міндетті орындай алды – олар жаудың Мәскеуге қарай жылжуын тоқтатты. Біздің жерлестеріміздің осы теңдессіз ерлігі мен батырлығы туралы әлі күнге дейін мәлімет аз.

Аты аңызға айналған 316 дивизия, оның жауынгерлік жолдары туралы бүгін, 07.12.2021 ж ИнЕУ жоғары колледжінің іздеушілер отырысында 1 курс студенттері Садвакасова Айзада, Смирнов Алексей, Сураганова Махаббат, топ жетекшісі – Джанахметов М.И . айтып берді.

Студенттер «Память народа» порталында 312 АД сарбаздарын іздестіру туралы әңгімелеп, Нечунаев Кирилл Макарович туралы табылған ақпаратты баяндады.

Осы дивизияның жауынгерлерін іздеу жұмыстары жалғасуда.