Заң пәндері апталығын өткізу аясында 06.12.2021 – 10.12.2021 жылдар аралығында “Ұялы телефонның пайдасы мен зияны” тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталасқа П – 220 және П – 329 тобының студенттері қатысты. Пікірталастың мақсаты-ұялы телефонның адам өмірі мен денсаулығына жағымды және жағымсыз әсерін ашу (анықтау) және оны пайдалану бойынша ұсыныстар жасау. Пікірталасты қорытындылай келе:
1 орынды П – 329 командасы, 2 орынды П – 220 тобы иеленді. П-220 тобының студенті Зарқын Сания “Үздік шешен” атанды. Пікірсайыс жеңімпаздарын жеңісімен құттықтаймыз. Іс-шараны заң пәндерінің оқытушысы Тортаева Айгүл Құмырашқызы өткізді.