30 қараша мен 15 желтоқсан аралығында ИнЕУЖК кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ұлт мақтанышы- Елбасы» кітап көрмесінің тұсаукесері өтеді.
Дәл осы күні, 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Кітап көрмесінің мақсаты – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңіндегі рөлін ашу.
Кітап көрмесінде ел тарихындағы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін көрсететін материалдар қойылған, Тұңғыш Президенттің еңбек жолы мен өмір жолы: жастық шағы, өсіп-өніп, еңбек еткен жылдары, саяси және қоғамдық қызметі айшықталған.