2021 жылдың 26 желтоқсанында ИнЕУ Жоғары колледжінде П-121 тобында «Тәуелсіз елдің көшбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев қазақ халқының көшбасшысы туралы білімдерін кеңейту. Сынып сағаты әңгіме, сұрақ-жауап түрінде өтті.
Сынып сағатының міндеттері – студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту, патриоттық, өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатын ақпараттық технологиялар бөлімінің құқықтану пәндерінің оқытушысы А.К.Тортаева жүргізді.