ИнЕУ жоғары колледжінің ерікті студенттері

Қазан айында ИнЕУ жоғары колледжінің ерікті студенттері Ұлы Отан соғысының мүгедегінің  қызы Загайчук Александра Павловнаға барды.

Игі іске жауап ретінде балаларға алғыс айтып қана қоймай,ол кісі өлең арнады. Әрбір жол еріктілерге айтып жеткізу мүмкін емес эмоциялар тудырды: мақтаныш, алғыс және оларды алға ұмтылуға, көбірек игі істер жасауға итермеледі! Ардагердің үлкен қызы Марина Олеговна: Қиын жағдайда әрқашан қолдау көрсетуге дайын болыңдар – деп айтты.

Бүгін біз айтқымыз келеді: ИнЕУ жоғары колледжінің ерікті студенттері көмекке мұқтаж адамдарға әрдайым көмектесуге дайын. Егер сіз осындай адамдарды білсеңіз немесе сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыз қиын өмірлік жағдайға тап болса, бізге жазыңыз, біз өз күшімізбен көмектесеміз. Колледж студенттері түрлі таланттарымен жан-жақты балалар, тіпті қарапайым әңгімемен, әнмен немесе домбырада ойнаумен адамға қуаныш сыйлауға болады. Бұл күндері жалғыз қалған және оларға көмектесетін ешкімі жоқ қарт адамдар көп. Егер денсаулық мүмкіндік бермесе,  біз тамақ дайындау, үйді жинастыру, ауладағы қарды тазалау керек болса, көмектесуге дайынбыз. Еріктілер кез-келген көмек көрсетуге қуанышты. Сіз бізге хабарласып, өз жағдайыңызды айта аласыз.

Байланыс телефоны: 87710836934 Гульмира