2021 жылдың 5 қарашасында “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” тақырыбында облыстық дебат турнирі өтті. Аталған іс – шараны өткізуді ұйымдастырушылар – “Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы” ММ қолдауымен “Тәлімгер”жастар қоғамдық бірлестігі.
Турнирдің мақсаты: ҚР зияткерлік жастарын шоғырландыру, әлеуметтік жетілген, жауапты, белсенді азаматтық ұстанымға ие, шығармашылық және сыни ойлауға қабілетті, дебат қозғалысын дамытатын жастар ұрпағын қалыптастыру.Аталған іс-шараға Павлодар қаласының мектептері мен колледждерінен 16 команда қатысты. Турнир Британдық парламенттік пікірсайыс форматы бойынша өткізілді. “Үздік спикер” анықтамасы бойынша Турнир Линкольн-Дуглас форматы бойынша өткізілді.
Ойын қорытындысы бойынша қазылар алқасы 32 спикердің ішінен екі финалистті анықтады. Солардың бірі – “Құқықтану” мамандығының 3 курс студенті Сорокин Илья. Сегіз сағаттық табанды күрестен кейін Сорокин Илья өзінің кең ой-өрісі мен шешендік қабілеттерін көрсете отырып, облыстық пікірсайыс турнирінің “Үздік спикері ” атанды.
Илья Сорокинді және оның жетекшісі А. Ж. Маусымбекованы осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!