Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес аясында ИнЕУ жоғары колледжінде ЖИТС айлығы өтуде. Бүгін, 2021 жылғы 3 қарашада бірінші курс студенттеріне АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу бойынша онлайн-семинар өтті. Семинарды ЖИТС маманы Г. Б. Турдинова өткізді.
Семинарға 461 студент қатысты.
Семинарда білім алушылар ЖИТС дегеніміз не, АИТВ инфекциясының берілу жолдары, жұқпау үшін не істеу керек, күмәнданбай өмір сүру үшін не істеу керек екенін білді. АИТВ-ға өз еркімен, жасырын түрде тексеруге, өзін қалай қорғауға болатынын білді. Кез -келген адам бұл дертті жұқтыра алады , бірақ АИТВ/ЖИТС-тың таралуын болдырмауға болады:
- салауатты өмір салтын ұстану;
- есірткі қолданбау;
- некеге дейін жыныстық қатынастан бас тарту;
- кез-келген уақытта өзгенің қаны теріге немесе шырышты қабыққа түсуінен аулақ болу.
Біз сондай-ақ , АИТВ-инфекциясы бар адамдардың толық өмір сүре алатыны, оқуы, жұмыс істеуі және жақсы көруі маңызды екенін білдік.
Алынған ақпараттан оқушылар қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға жауап алды.