Іздеушілермен кездесу

26.10.2021 ж ИнЕУ жоғары колледжінде біздің іздеушілеріміздің (іздеу топтарының жетекшілері мен студенттердің) “Майдан жолы” іздеу қозғалысының командирі А .Шитовпен және біздің колледждің іздеу жасағының мүшесі – студент Б. Кортуновпен кезекті кездесуі өтті. Онлайн кездесу барысында Александр Владимирович сапардың мақсаты, табылған заттар туралы айтты . Командир Молдоваға сапары барысында алынған өте қызықты материалмен презентация түрінде бөлісті. Кортунов Богдан бұл экспедицияға алғаш рет қатысты. Ол жас іздеушілерге осы сапардан алған әсерлері туралы айтып берді және болашақта осындай қызықты және маңызды сапарларға үміткер болу үшін колледждің іздеу қызметі мүшелерін белсенді болуға шақырды. Колледж студенттерін – іздеушілерді іздеу жасағы мүшесінің әңгімесі ұнады. Олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды: іздеу тобына қалай мүше болуға болады? Мұндай сапарларға қатысу үшін не істеу керек? Жоғалған адамдар туралы деректерді қалай және қандай сайттардан іздеу керек …

Көптеген сұрақтарға тарих пәнінің мұғалімі – “Майдан Жолы” іздеу жасағының мүшесі С.Федоренко жауап берді, ол конференция барысында кездесулерді жалғастыруды және өзінің тәжірибесімен бөлісуді ұсынды. Алда іздеушілерді қызықты әрі қажырлы жұмыс күтіп тұр