ИнЕУ “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының 4 курс студенті. Колледжде оқу барысында жоғары қабілеттер көрсетті. Бірінші, екінші және үшінші курстардың қорытындылары бойынша өте жақсы және жақсы бағаларға ие. Оқу және еңбек қызметін жоспарлау дағдыларын меңгерген, оқу материалындағы басты нәрсені бөліп көрсете алады, талдай алады, қорытынды жасай алады.
Мектеп қабырғасынан бастап Виталий бағдарламалауды жақсы көреді және оның ойынша: “Өз ісінің маманы болу үшін шығармашылықпен және сонымен бірге алгоритмдік тұрғыдан ойлана білу керек. Бағдарламашы болуды шешкеннен кейін мен міндеттерді бірнеше бөлікке бөліп, жылдам шешім қабылдап, алгоритмін құруым керек”. Волынский В. олимпиадалардың, конкурстардың, конференциялардың белсенді қатысушысы болып табылады:
- 2020 ж. –WorldSkills Pavlodar аймақтық турнирінде 1 орын;
- 2020 ж. – “Вездекод” онлайн-хакатонының қатысушысы»;
- 2019 ж.-“XXI ғасыр студенттері мен оқушыларының интеллектісі: мүмкіндіктерді жүзеге асыру, болашағы” IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 1 орын»;
- 2018 ж. – “Кибервызов” Олимпиадасының қатысушысы»;
- 2017 ж. – информатика пәні бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының қатысушысы;
- 2016 ж. – информатика пәні бойынша оқушылардың қалалық олимпиадасында 2 орын.
Виталий Волынскийдің басты артықшылығы ретінде оның іргелі техникалық дайындығын, тапсырылған іс үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейін және күрделі техникалық мәселелерді тез түсіну қабілетін атап өткен жөн.