Смоль Инна Витальевна – ИнЕУ “Құқықтану” мамандығының 2 курс студенті. Тәртіпті, өзіне және басқаларға деген талаптар қоя отырып, мейірімділігімен үйлестіріп жүретін адам. Табиғаты бойынша ашық, батыл, көпшіл. Колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2 жыл бойы топтың старостасы, өз міндеттеріне өте жоғары жауапкершілікпен қарайды. Ол өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында топ ұжымын біріктіре алды. Құрдастар мен мұғалімдер арасында лайықты беделге ие. Болашақ мамандығына қызығушылық танытады, олимпиадаларға, конференцияларға, конкурстарға белсенді қатысады.
2020-2021 оқу жылында келесі марапаттары бар:
- “XXI ғасыр оқушылары мен студенттерінің интеллектісі: мүмкіндіктерді жүзеге асыру, болашағы” V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 3 дәрежелі Диплом;»;
- Ағылшын тілі олимпиадасында 1 дәрежелі Диплом;
- Қазақ тілі пәнінен олимпиадада 1 дәрежелі Диплом;
- “2020 жылдың үздік заңгері” байқауында “Үздік қорғаушы” сертификаты»;
- “Мектеп/студенттік медиация қызметі” семинарының сертификаты»;
- “XXI ғасыр оқушылары мен студенттерінің интеллектісі: мүмкіндіктерді жүзеге асыру, болашағы” V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушысының сертификаты»;
- Колледж студенттері мен оқушылардың “Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының негізі” атты V Республикалық құқықтық ғылыми-практикалық қашықтық конференциясына қатысушы сертификаты»;
- ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған “Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа жасалған қадам” атты конференция қатысушысының сертификаты»;
- “Brow Mastera” базалық курсын өткендігі туралы Сертификат.
Оқу үрдісінен бос уақытында көркем әдебиет оқумен, волейболмен айналысады.