14 маусым күні ИнЕУ жоғары колледжінде Ш.А. Таженовтың төрағалығымен аттестаттау комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Күн тәртібінің басты мәселесі – бірінші сынақтан-Ұлттық біліктілік тестінен сәтті өткен педагогтардың аттестациялық портфолиосын қорғау.
Отырыста аттестациялық материалдардың 7 пакеті қаралды, оның ішінде: “педагог-зерттеуші” – 2, “педагог-сарапшы” – 1, “педагог-модератор” -4 санатын беруге.
Дауыс беру арқылы аттестаттау комиссиясы оқытушылар И. Н.Валеулин, З. К. Нукежанова, А. С. Молдабек және С. Ш. Шәншәрға “Педагог қызметкерлерді аттестациялау ережелерінің” талаптарына олардың қызметінің сәйкестігі негізінде “педагог-модератор”санатын беру туралы шешім шығарды.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясының алдына А. К. Айдаргалин мен Ж. Т. Сатыбаеваға “педагог-зерттеуші” санатын, Ж. Женсханға “педагог-сарапшы” санатын беру туралы шешім қабылданды.