Фелкер Татьяна Александровна

Фелкер Татьяна Александровна-жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы, ИнЕУ жоғары колледжінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Педагогикалық еңбек өтілі 43 жыл. Татьяна Александровнаның шығармашылық жетістіктерінің кілті-бұл мамандыққа адалдық. Ол педагогикалық шеберлікті жетілдіруге деген ұмтылысымен, өз ісінің нәтижелеріне деген жауапкершілігімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  Білікті маман, талантты ұйымдастырушы, ұжымда лайықты құрметке ие.  «Педагогикалық альманах» жинағында, «Информзнайка», «Инфоурок», «OQU-ZAMAN.KZ»  педагогикалық интернет – журналдарда мақалалар жариялайды. Гуманитарлық бөлімінің аға кураторы.

Көп жылғы және адал еңбегі үшін марапаттары бар:

  • 2020ж.: “Үздік педагог-2020” номинациясындағы Республикалық байқауда жеңіске жеткені үшін Қазақстан педагогтары қауымдастығының дипломы;
  • 2020ж.: «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі;
  • 2019ж.: Ахмет Байтұрсынов атындағы Республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасында II дәрежелі диплом;
  • 2019ж.: ағылшын тілінен II Халықаралық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін “Сова” Халықаралық зияткерлік білім беру орталығының грамотасы;
  • 2019ж.: ИнЕУ-дің 25 жылдығына орай ИнЕУ Білім беру консорциумының Алғыс хаты;
  • 2018ж.: IV Облыстық көптілді олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін Павлодар облысы білім басқармасының Алғыс хаты;
  • 2017ж.: “Табысқа апарар жол” Халықаралық кәсіби фестиваль қатысушысының дипломы;
  • 2016ж.: “OQU-ZAMAN.KZ ” көмекші білім беру сайтының  «Педагогтар өз тәжірибелерімен бөліседі» жобасының Алтын сертификаты ;
  • 2021ж.: IV Облыстық “Медиация және құқық негіздері” турнирінің жүлдегер-командасын дайындағаны үшін “Қоғамдық келісім”  КММ Алғыс хаты.