Мақсаты – үздік әлемдік үлгілер бойынша студенттердің мемлекеттік тілде гуманитарлық білім алуына жағдай жасау.
Міндеттері:
- Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы 100 жетекші оқулықты қазақ тіліне аудару.
- Аударылған оқулықтарды рецензиялау жөніндегі сараптау комиссиясын ұйымдастыру.
- Терминологияны жетілдіру, мемлекеттік тілдегі терминдердің көлемін ұлғайту, сондай-ақ оларды танымал ету.
- Білім беру ұйымдарын, кітапханаларды жоба шеңберінде шығарылған оқулықтармен қамтамасыз ету.
- Жастардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында зияткерлік конкурстар, викториналар, дебаттар өткізу.
Жаһандану дәуірінде барлық заманауи қатерлер мен уақыт қауіптерін қабылдайтын жаңа буын қалыптастыру өте маңызды. Бұл мақсаттағы негізгі құрал – білім беру. Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100-ге жуық жетекші оқулықтардың аудармасы бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм рухында тәрбиеленетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастырудағы оң қадам болып табылады. Бөлім аударылған кітаптар туралы, олардың авторлары, оқулықтарға сілтемелер, сондай-ақ сын пікірлерді қамтиды.