Мақсаты – латын графикасы негізінде қазақ тілін пайдалануға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету
Міндеттері:
- Латын графикасына көшу процесін ұйымдастыру-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
- Кириллицадан латын әліпбиіне қайта кодтау бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін және жаппай енгізілуін қамтамасыз ету.
- Білім беру ұйымдары арасында қазақ әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуін сынақтан өткізу.
- Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру аясында филологтардың біліктілігін арттыру
Әлемдік дамудың қазіргі заманғы үрдістері тілдерге ерекше талаптар қояды: құбылмалы жағдайларға бейімделуге қабілетсіздігі олардың жоғалуына әкеп соғады. Біздің планетамыздың технологиялық және ғылыми дамуы адамдардың сөйлеуге және цифрлық өзара әрекеттесуіне қысым жасайды. Қазақ тілін жаңғыртудың, әлемнің 75%-нан астамында қолданылатын латын әріптеріне көшудің уақыты келді. Бұл бір жағынан қазақ грамматикасы мен сөздік қорын жақсартуға серпін береді, ал екінші жағынан – біздің еліміздің ақпараттық, сандық, ғылыми және мәдени кеңістікке кірігуін жеделдетеді.