Акциясы #mekenimjasylormanympvl

Бүгін «Мекенім –жасыл орманым» акциясы  #mekenimjasylormanympvl аясында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенттері, оқытушылары  және колледж әкімшілігімен бірлесіп,  20 қарағай көшеттерін отырғызуға қатысты. Бұл акцияда  энергетика бөлімі  “Электрмен жабдықтау” мамандығының  ЭС-110 тобы  студенттері  белсенділік танытты.

Колледж қызметкерлері мен студенттері отырғызу үшін аумақты алдын ала дайындай отырып,  жерді белгілеп, көшеттерге арнайы орындар дайындады.

“Біз үшін өзіміз туралы естелік қалдыру – өз қолымызбен ағаш отырғызу мүмкіндігі туды. Кейін біз осында келіп, оларды балаларымызға көрсететін боламыз, – дейді 1 курс студенті Алмас Әбдіғалиев. – Өте қызықты болды.           Студенттер үшін ағаш отырғызу өте қызықты және танымды болды. Барлығы  іспен айналысты: біреу шұңқыршалар қазса, енді біреуі ағаштарды құлап кетпес үшін ұстап тұруға көмектесті, тағы біреуі суарды.  

Біздің студенттер мен оқытушылар арасында  тағы бір ортақ іс пайда болды, енді бірде-бір адамның ағаш бұтағын сындыруға  қолы көтерілуі екіталай деген ойдамыз.