СУИЦИД ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қазіргі қоғамдағы құқық бұзушы жасөспірімдердің мәселесі  ең күрделі және қайшылықты мәселелердің бірі болып табылады.

Өкінішке орай, кез-келген жасөспірім өзі жасаған заңсыз әрекеттерді, ауыр және қиын салдарға әкелетінін түсінбейді Суицидтік мінез-құлық мәселесі дәстүрлі түрде қоғамның назарын аударады, әсіресе жасөспірімдер арасында. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау проблемасы соңғы кездері біздің қоғамның өткір және басты мәселелерінің біріне айналды. Әрбір осындай болған жағдай артында-апат, шешім таба алмау, өмір алдындағы үрейді өлім үрейінің жеңіп кету, үмітсіздік жатыр.

Студенттермен профилактикалық жұмыс – бұл күрделі, көп қырлы, ұзақ мерзімді процесс. Колледждің құқық бұзушылықтардың алдын алу және суицидтің алдын алу саласындағы ерекше міндеті ерте профилактиканы жүргізу болып табылады.

2020-2021 оқу жылы ішінде ИнЕУ жоғары колледжінде суицидтің, құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың алдын алу және ескерту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Жоспарларды жүзеге асыру колледж әкімшілігінің, психологтың, сынып жетекшілерінің, оқушылардың, ата-аналардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін шешуде алдын-алу шаралары тиімді.

16.04.2021 ж ИнЕУ жоғары колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. К. Апаева, гуманитарлық бөлімнің меңгерушісі А.К. Айдаргалин, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы А. С. Молдабек 1 және 2 курс студенттерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен психологты тарта отырып, кездесу ұйымдастырды. Дәрісті ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі оқу орталығының оқу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.К. Жакупова және отбасылық клиникалық психологияның сарапшысы, Е. А. Букетов атындағы ҚазМУ докторанты, психология магистрі А. К. Мырзатаеваның  қатысуымен өтті.

Психолог “суицид”ұғымы туралы мазмұнды дәріс өткізді. Әңгімелесу барысында студенттер өмірлік қиын мәселелерді, отбасындағы, жеке өміріндегі жан. Дұрыс әрекет ету және өз қателіктерін түсіну, іс-әрекеттер мен олардың салдарын талдау, өмірдегі қателіктер мен қиындықтарды жеңу, таңдау жасау және өзіне және басқаларға салдары үшін жауап беру, құрдастарымен және ересектермен байланыс орнатуға көмектесу, дененің күйзеліске  төзімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Полиция подполковнигі А.К. Жакупова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша дәріс өткізді. Студенттер ҚР ӘҚБтК-нің (Әкімшілік кодексі) 442-бабымен танысты: кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы; 440-бап: алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуі.

Полиция подполковнигі А.К. Жакупова балаларға кәмелетке толмағандармен аталған құқық бұзушылықтардың салдары туралы айтып берді.

Студенттер барлық ұсыныстарды қызығушылықпен тыңдады. Балалардың қойған бірде-бір сұрағы жауапсыз қалған жоқ.

Бұл іс-шараның кәмелетке толмағандар үшін қаншалықты танымды болғанын балалар қол көтеріп, лүпіл басу арқылы  білдірді.