VI облыстық көптілді олимпиада

16 сәуірде Павлодар ИнЕУ жоғары колледжінде VI облыстық көптілді олимпиада өтті. Оған облыс колледждерінің тілдік емес мамандықтарының 31 студенті қатысты.

Зияткерлік жарысты өткізудің ашықтығы Инеу ЖК студенттері әзірлеген прокторинг жүйесімен қамтамасыз етілді. Қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының түрлі оқу орындарының оқытушылары кірді.

      Қазылар алқасының төрайымы: Хамитова Гульмира Абуовна – профессор, ф.ғ.к.,  ИнЕУ “Шет тілі және аударма ісі” кафедрасының доценті.

     Қазылар алқасының мүшелері: Амренов Әділбек Даутбекұлы – ф.ғ. к., Павлодар педагогикалық университетінің “Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі” кафедрасының доценті; Сулбаев Тимур Кабдоллаұлы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Павлодардағы Америка бұрышының үйлестірушісі (AmericanCornerPavlodar); Мұқанова Бақыт Тасболатқызы – ТжКБ ұйымдарының тілдік пәндер ОӘБ төрайымы, “Филология” мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің педагог-зерттеушісі, Рахманбергенова Екатерина Степановна – облыстық ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының  төрайымы, дарынды балаларға арналған  №3 мектеп-гимназиясының  зерттеуші-мұғалімі;  Жумабекова Асия Имангельдиновна –

№ 40 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі; Абрахам Салако – Toraighyrov University магистранты; Иманшарипова Айнур Жумабаевна – Павлодар облысы білім беру басқармасының өкілі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.

      Іс-шараны ИнЕУ ЖК директоры Ш.А. Тәженов және қазылар алқасының төрағасы     Г. А. Хамитова ашты. Олар қатысушыларға өздерінің ең жақсы қабілеттерін, тілдерді білетіндіктерін көрсетуге және алдағы жарыста сәттілік тіледі.

     Олимпиада екі турдан тұрды: қазақ, орыс, ағылшын тілдері  бойынша тестілеу, сондай-ақ ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу.

     Екінші турға ең көп балл жинаған он үш қатысушы жіберілді. Олимпиаданың жабылу салтанатында қорытынды жасалды.

    Олимпиада жеңімпаздары және 1 дәрежелі диплом иегерлері ИнЕУжоғары колледжі ЖШС – Бурлен Рустем және Жоғары инновациялық көпсалалы колледжі-Нурсеитова Алиана Айдынқызы болды;

2 дәрежелі дипломдармен марапатталды: Лас Вероника – “Екібастұз медициналық колледжі”  КМҚК және Төлегенұлы Мүслім – ” Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3 дәрежелі дипломдарды: Болатова  Аружан  Маратовна – ТорайғыровУниверситетінің жоғары колледжі және Кабенов Дархан Ерланұлы-олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп – интернат-колледжі ” иеленді. Ал “Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі” номинациясын Сейтқан Айрин Бауржанқызы иеленді. “Суперполиглот” номинациясы Әбілқасымова Жаннұр Бақытбекқызына бұйырды .

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз, студенттерге қатысқаны үшін алғыс айтамыз және барлығына сәттілік, шабыт және шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!