Наурыз мерекесі қарсаңында П-239 тобында “Ғасырлық дәстүрлерді сақтаймыз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты-студенттерді мәдени және тарихи өткенді, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; қазақ халқының салт-дәстүрлеріне танымдық қызығушылықты дамыту.
Анеля Перетятко тұсаукесерде Наурыз мейрамының тарихын айтып берді. Бейсимбаева Диана мен Нұрғазина Диана бесбармақ, бауырсақ, қымыз сияқты ұлттық тағамдар туралы әңгімеледі. Студенттер ұлттық киім киіп, алдарына бауырсақ, кәмпит, құрт, айран қойып, ұлттық киіммен салт-дәстүрлерді жаңғыртты.
Студенттер қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ыдыстарын білуге арналған сөзжұмбақтарды үлкен қызығушылықпен шешті. Ал соңында Диана Бейсимбаева дайындаған “Бешбармақ” бейне-презентациясын тамашалады.
“Дәстүрді ұстану дегеніміз — ең жұмбақ партияға – ата – бабаларымыздың партиясына дауыс беру”, – деді Гилберт Кит Честертон. П-239 тобының студенттері мен олардың сынып жетекшісі А.М. Қашкенова бүгінгі дәстүрді еске алып, тарихқа, ата-бабаларға құрмет көрсетті.
Бейбітшілік пен достықтың бастауы болған әз-Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын! Наурыз құтты болсын!