ИнЕУ жоғары колледжінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында асыл жандарға арналған ” Қош бол, аңғар!” атты спектакльдің премьерасы көрсетілді. “Театрдың тәрбиесі” деген тіркес жиі кездеседі, өйткені ол көркемдік тәрбиенің негізгі идеясын – жанды тәрбиелеуді қамтиды. Театр өнерін зерделеу, театрлық-орындаушылық қызмет дағдыларын дамыту, “театрдың сиқырын” тану – бұнымен ИнЕУ театр студиясының жас орындаушылары айналысады. Нигманов Руслан Зайкенұлының басшылығымен спектакль қазіргі жағдайда бірнеше ай бойы дайындалды. Колледждің педагогикалық еңбек ардагерлері, университеттен шақырылған қонақтар, ата-аналар, оқытушылар, студенттік өзін-өзі басқару мүшелері, еріктілер мен жас орындаушылардың өздері үшін де тұсаукесер қызықты өтті. Вольтер айтқандай “Театр қалың кітап үйрете алмағанды үйретеді”.
“Қош бол, аңғар!”- спектаклі әлемдегі барлық нәрсе өзара байланысты, барлығы үшін жауап беруге тура келетіндігі жөнінде және адамның өнегелі сезімдерін әспеттеді. Спектакльге қатысушылар бірнеше рет тағзым етті, осылайша орындаушылардың ойыны көрермендердің көңілінен шықты. Әрине, театр студиясы ду қол шапалақ пен қошеметке ие болар еді, бірақ залда қатаң карантиндік шаралар сақталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Апаева Ж.К және
Каниева Д. А. қатысушы әйелдерді келе жатқан мерекемен, ал студенттерді тұсаукесерімен құттықтады.
Премьераның құрметіне, белсенді өмірлік ұстанымын көрсеткені және колледждің беделін нығайтқаны үшін жас актерлерге алғыс хаттар табыс етілді. Спектакльдің көрінісін орындаушы студенттер: Бурлен Рустем, Айтымаев Айдын, Бельгибаева Сабина, Жүсіпбек Жұлдызай, Турсунова Алина, Нургожина Сабина, Кабдылмажит Русия, Каиржанова Жанель, Халамуш Даулетберген. Бұлар 1-2 курс студенттердің ең жас өкілдері болып табылады.
Студия жетекшісі-Нигманов Р.З. көрермендерді алдағы уақытта талай театр көрінісі болатынына сендірді.
Біздің талантты студенттерімізге бұндай тамаша құттықтаулар үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерден жаңа жарқын жұмыстарды күтеміз!