2021 жылдың 1 наурызынан бастап ” Дені сау ұрпақ-дені сау ұлт!» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар облысының мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында қысқы спорт түрлері бойынша челлендж бастау алды.
Челлендждің мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлерін дәріптеу және дамыту, маңызды мемлекеттік күндерге назар аудару.
Челлендж Б. Ахметов атындағы Павлодар Жоғары педагогикалық колледжінен басталып, кестеге сәйкес колледжден колледжге беріледі. Біздің колледж студенттері шаңғымен 1 км қашықтықты жүгіріп өтіп, челленджді Жоғары электроника және коммуникациялар колледжіне тапсыруы керек еді. Біздің балалар осы тапсырманы сәтті орындады!
Бұл іс – шараны дайындауға және өткізуге ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері-шаңғы жарысынан спорт шебері, ФС 417 тобының студенті Куркина Ульяна, ПД-229 тобының студенті Польдяева Мария, шаңғы жарысынан СШК, Молчанюк Андрей (ФС-120 тобы) және спорттық разрядтары бар Джуматов Матвей (ФС-110 тобы), сондай-ақ “Дене шынықтыру және АӘД” ЦӘК оқытушылары қатысты.