Ақпараттық технологиялардың пәндік апталығы 22-26 ақпан аралығында ИнЕУ жоғары колледжінде өтті. Сыныптан тыс іс – шараларды өткізудің мақсаты-танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу, оқу пәндерін қабылдауды қайта бағдарлау, ой-өрісін кеңейту, оқытушылар мен студенттердің бейресми қарым-қатынасы.
Аптаның бекітілген жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
– “Экология жылы” тақырыбына компьютерлік суреттер байқауы;
– Ақпараттық технологиялар бойынша Олимпиада;
– “Қашықтықтан оқыту: артықшылықтары мен кемшіліктері”тақырыбында бейне-визитка байқауы.
Конкурстар мен олимпиадаларға біздің колледждің әртүрлі мамандықтары мен курстарының студенттері қатысты.
Конкурстық іс-шаралардың қорытындылары::
Компьютерлік суреттер байқауында СМС-110 тобының студенті Марен Даниял жеңіске жетті. Екінші орынды Қабиева Данагүл (П-130 тобы), үшінші орынды Ф-110 тобының студенті Буданбаев Әділхан және П-120 тобының студенті Қалиардамов Нұрбек өзара бөлісті.
Ақпараттық технологиялар олимпиадасы MS Office: Word, Power Point, Excel қосымшаларында орындалатын тапсырмаларды қамтыды. Олимпиадалық тапсырманы ВТиПО-219 тобының студенті Дмитрий Куколев жақсы орындады. Екінші орында Ф-219 тобының студенті Попенкова Виолетта, үшінші орынды БЭС-110 тобының студенті Моченов Владимир иеленді.
Бейне-визиткалар байқауы біздің студенттер үшін ең қиын болды. Төрешілердің пікірінше, УиА-219 тобының студенті Гурбанбаева Алина ең жақсы визитка жасап, конкурстың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, қазылар алқасы ВТиПО-318 және ИС-318 топтарының құрама командасы жасаған бейне-визитканы атап өтті.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.