Мұражайға экскурсия

Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

 

 

2021 жылдың 26 ақпанында ИнЕУ жоғары колледжінің политехникалық бөлімінің СМС-110 және СМС-120 топтарының 1 курс студенттері АӘТД оқытушылары Н.Т. Магзумов және М.И. Джанахметовпен бірге № 5 жалпы орта білім беру мектебіндегі ауған жауынгерлері мұражайына барды. Бұл іс-шара барлық санитарлық нормалар мен талаптарды ескере отырып жоспарланған және дайындалған. Студенттерге экскурсияны мұражай меңгерушісі О. Ю. Хренова өткізді.

Ольга Юрьевна өзінің әңгімесін Ауғанстан мемлекетінің жалпы сипаттамасынан бастады, осы мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағына, сол кезде елді басқарған адамдар туралы және тұтастай алғанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға ену себебі туралы айтты.

Одан әрі, мектеп мұражайының меңгерушісі Ауғанстанда қызмет еткен жерлестеріміз, жас балалар туралы айтып берді. Туыстары  мұражайға тапсырған сарбаздардың  жеке заттарымен, хаттарымен таныстырды.

Соғыс тоғыз жыл, бір ай және он тоғыз күнге созылды. Ауғанстан арқылы кеңес жауынгерлерінің жарты миллионнан астам шектеулі контингенті өтті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, соғыста Кеңес Әскері 14 мың 427 адам, МҚК – 576 адам, ІІМ – 28 адам қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен. 53 мыңнан астам адам жарақат алып, контузия алған.

40 әскер жауынгерлерінің ерлігі мен батырлығы туралы мынадай факт куәландырады: шектеулі контингент құрамында қызмет еткен жылдар ішінде 200 мыңнан астам сарбаз ордендер мен медальдармен марапатталды, 72 әскери қызметші Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болды. Қазақстандықтар Кеңес әскери контингенті құрамында ауған әскери қақтығысына қатысты. 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанға интернационалдық борышын өтеу үшін жіберілген қазақстандық әскери қызметшілердің саны 21 239 адамды құрады. 1979 жылдан 1989 жылға дейінгі уақыт кезеңінде:

– Қаза болғандар-947 адам

– 1 770 адам жарақат алды

Қазіргі уақытта Қазақстанда 16 мыңға жуық жауынгер -интернационалистер тұрады.

Жалпы марапатталған  Қазақстандық интернационалист жауынгерлер- 4 377 адам.

Қаза болғандардың арасында Павлодар мен Павлодар облысының 36 тұрғыны бар.

СМС – 110 тобының студенті Спанагель Екатерина өз әсерімен бөлісті: “Мұражайда  ауғандық жауынгерлер туралы көп нәрсе көрдім және білдім. Мен сол жерде болған сияқты әсерде болдым  … ».

Мұражай бойынша экскурсиядан кейін студенттер оқытушыларымен бірге ауған жауынгерлерінің ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.

Осы іс-шараның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.

 

АӘТД   оқытушылары.