2021 жылдың 26 ақпанында ИнЕУ жоғары колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толуына орай “А память-сердце бережет”тақырыбында ерлік сабағы өтті.
Іс-шара гуманитарлық бөлімнің “Аударма ісі” мамандығының ПД-120 тобының, және ақпараттық технологиялар бөлімінің “Құқықтану” мамандығының П-120 тобының 1 курс студенттеріне арналған “Алғашқы әскери және технологиялық дайындық” кабинетінде барлық санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуын ескере отырып өтті.
Аталған іс-шараға интернационалист-жауынгер Әміров Кенжебай Мүбаракұлы, “Қызыл Жұлдыз” орденінің, “Отан алдындағы еңбегі үшін” орденінің кавалері, қызы Адинайдың сүйемелдеуімен шақырылды.
ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ш.А. Тәженов құттықтау сөз сөйледі, сол уақыттың тарихына тоқталып, Шалқарбай Әміржанұлы студенттерге елдегі саяси жағдай және Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін енгізу себептері туралы айтып берді.
Студенттерге танымдық фильм көрсетілді, балалар қаза тапқан сарбаздар мен офицерлерді “бір минут үнсіздікпен” еске алды. Сол ауған соғысы, солдат өмірі мен тынығу минуттары туралы алған әсерлерімен К.М. Әміров әңгімелеп , гитарада бірнеше ән орындады.
Жалпы, іс-шара мейірімді және достық жағдайда өтті. Балалар ауған жауынгерлерінің алыстағы қызметі туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Сабақ уақыты қаншалықты тез өткенін ешкім байқамады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К. Апаева біздің қонақтарымызға алғыс айтып, оларға сыйлық жиынтықтарын табыс етті.
1 курс студенттері Асылова Құндыз және Бейсенбаев Тамерланға, АӘТД оқытушылары Магзумов Н.Т. және Джанахметов М. И. ерлік сабағын дайындап, өткізгені үшін алғыс білдіргіміз келеді.