ИнЕУ жоғары колледжі зертханалар мен материалдық-техникалық базаны дамытуға көп көңіл бөледі. 2020-2021 оқу жылында электротехникалық цикл мамандықтары бойынша зертханалық стенд сатып алуға ақшалай қаражат бөлінді. “АВВ com” ЖШС фирмасы мен колледж арасындағы шарт негізінде 22.02.2021 жылы жоғарыда аталған фирманың өкілдері энергетикалық бөлімнің оқытушылары мен студенттеріне стенд монтажын және оның тұсаукесерін өткізді. Тараздық “АВВ com” ЖШС директоры Бакеев Бахтияр Турсенович “Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтарын пайдалану”пәні бойынша зертханалық стенд таныстырды. Аталған іс-шараға директордың ӨТ жөніндегі орынбасары Исабеков Тлеубек Темкешович, “Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар” кафедрасының меңгерушісі Умурзакова Анара Даукеновна қатысты. Аталған іс-шарада заманауи жабдықтар мен өлшеу аспаптары, сондай-ақ стендтің жұмысы көрсетілді. Осы тренажер -стендінің көмегімен студенттер электр аспаптары мен құрылғыларының жұмыс сызбаларын өз бетінше зерттеп, зерделей алады, электр тізбектерін жинауды, электр желісінің параметрлерін өлшеуді және төлқұжат деректерімен салыстыруды, кабель желілерінің зақымдану орнын анықтай алады, әуе желілерінің тіректерінің күйін анықтай алады. Сонымен қатар, стенд электр станциялары мен қосалқы станциялардағы, сондай-ақ электрмен жабдықтау схемасындағы төтенше жағдайларды дербес модельдеуге, жедел коммутация жасауға мүмкіндік береді. Энергетика бөлімінің оқытушылары мен студенттері жаңа сатып алуға өте қуанышты, өйткені студенттер теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алады.