Оқ ату

  30-дан астам адам қатысқан ату жарысына балалар үлкен  қызығушылық танытты . Аталған іс – шараның мақсаты-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу; Қазақстан халықтарының жауынгерлік, еңбек және ұлттық дәстүрлеріне адалдық сезімін қалыптастыру; Отан қорғаушы мамандығын танымал ету; әскери-патриоттық клубтағы жұмысты жандандыру және жетілдіру; облыстық жарыстарға дайындық.

Жарыс 2021 жылдың 24 ақпанында колледждің ату алаңында өтті. Жарысты өткізуге жалпы басшылықты ИнЕУ жоғары колледжінің дене шынықтыру және АӘД циклдік комиссиясы жүзеге асырды.

Жарысты  өткізу АӘД оқытушылары Н.Т.Мағзұмов пен М. И. Джанахметовке жүктелді.

Жарыс қорытындысы келесідей: жасөспірімдер арасында 1- орынды 44 ұпаймен ФС-110 тобының гуманитарлық бөлімінің студенті Джуматов Матвей, гуманитарлық бөлімнің ФС-120 тобының студенті Молчанюк Андрей 2- орынды иеленіп, 40 ұпай жинады, 3- орынды энергетика бөлімінің ЭСиС-110 тобының студенті Кокумбаев Алмас, оның нәтижесі – 39 ұпай.

Біздің қыздар да жігіттерден артта қалмады және оқ атуда жоғары нәтижелер көрсетті.Сонымен, П-130 тобының ақпараттық технологиялар бөлімінің студенті Әсел Аденованың қоржынында 41 ұпаймен 1-орын  , 40 ұпаймен 2 -орынды политехникалық бөлімнің СМС-120 тобының студенті Қайролла Диляра және жарыс барысында 39 ұпай жинаған ФС-110 тобының студенті Муратова Мира  3 -орынды иеленді.

Барлық балаларға сәттілік және  жеңістер тілейміз!

Жарыс соңында марапаттау өткізіліп, жеңімпаздар құрмет грамоталары мен тәтті сыйлықтарға ие болды.

 

“Дене шынықтыру және АӘД” ЦӘК төрайымы Таржакаева А. М.