Үстел теннисінен жарыс

       Дене шынықтыру және спорт пән апталығының үшінші күні үстел теннисінен  жарыс өтті

       Жарыстың бас төрешісі болып  Паненков А. В., хатшысы болып Костромин А. В. тағайындалды.

       Студенттерге жарыс ережелері мен қатысу шарттары жарияланды. Ережеге сәйкес орындау қажет:

– ракетканың ішкі жақтауымен теннис добын  30 секунд ішінде тік соғу;

– ракетканың сыртқы жақтауымен теннис добын   30 секунд ішінде тік соғу;

– теннис добын ракетканың ішкі және сыртқы жақтауымен 30 секундқа тік соғу

    Жарыс жеңімпаздары үш жаттығуда теннис добын соғуда ең көп ұпай саны бойынша анықталды.

      Әр бөлімнен бірінші курс студенттері арасынан 2 жасөспірім мен  2 қыз бала қатысты.

     Турнирге 13 студент қатысып, орындар келесідей бөлінді:1 -орынды 197 ұпаймен Садуакасова Дарина, ақпараттық технологиялар бөлімінің П-120 тобының студенті, 2 -орынды 195 ұпаймен Бучекей Жасмин, энергетика бөлімінің ТОРО-110 тобының студенті, 3- орынды 172 ұпаймен Маратова Мира, гуманитарлық бөлімнің ФС-110 тобының студенті  иеленді.

      Хаттамаға сәйкес, жасөспірімдер жарысына 11 адам қатысты. 1- орынды 206 ұпай жинаған ақпараттық технологиялар бөлімінің П-130 тобының студенті Сармурзин Еркеболат, 2 -орынды 204 ұпаймен гуманитарлық бөлімнің ФС-110 тобының студенті Протасов Роман және 3 -орынды 199 ұпаймен гуманитарлық бөлімнің ФС-110 тобының студенті Ерыгин Богдан иеленді.

      Студенттерге белсенділігі үшін алғыс айтамыз және жүлделі орындарға ие болған балаларды құттықтаймыз. Жарыс соңында марапаттау өткізіліп, жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен тәтті  сыйлықтар табысталды.

 

“Дене шынықтыру және АӘД”  ЦӘК төрайымы Таржакаева А. М.