Волейбол добын қабылдау және беру техникасы бойынша жарыстар

       Дене шынықтыру апталығы аясында волейбол добын қабылдау және беру техникасы бойынша колледжішілік жарыстар өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

– Спортты дамыту және дәріптеу;

– Студенттердің спорттық шеберлігін арттыру;

– Пандемия кезінде салауатты өмір салтын насихаттау;

     Жарысқа дайындық пен оны өткізуге жалпы басшылықты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүзеге асырды. Жарысты өткізу төрешілер алқасына жүктелді, жарыстың бас төрешісі болып К. К. Тортаев және А. Е. Жетпіс хатшы болып тағайындалды.

     Жарысқа колледждің бірінші курс студенттері қатысты

     Пандемияға байланысты волейбол жарыстарын өткізу мүмкін болмады, сондықтан техникалық қабылдауларды орындау бойынша жарыстар өткізу ұсынылды. Волейбол добын 1 минут ішінде қабылдау шарттары:

– 1 минут ішінде жоғарғы қабылдау техникасы

– 1 минут ішінде төменгі қабылдау техникасы

– 1 минут ішінде қабырғадан серпілісте (жоғарғы және төменгі қабылдаудың кезектесуі)

     Жарысқа барлық бөлімдерден студенттер қатысты, жарыс басталар алдында қатысушылар алдында циклдік әдістемелік комиссияның төрайымы Алма Маратовна Таржакаева құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды құттықтап,  спорттық сәттілік пен мықты денсаулық тіледі, содан кейін жарыстың бас төрешісі Қуаныш Құмырашұлы Тортаев жарысты өткізу ережелерін айтты.

      Жарыс жеңімпаздары ең көп ұпай саны бойынша анықталды, әр бөлімді бірінші курс студенттерінің ішінен 2 ұл және 2 қыз өкілдік етті.

       Орындар келесідей бөлінді:  Жасөспірімдер арасында 1-орынды энергетикалық бөлімінің ЭСиС-110 тобының студенті Колесников Кирилл  иеленді, 2- орынды ақпараттық технологиялар бөлімінің  П-130 студенті Сармурзин Еркеболат иеленді және үшінші орын энергетикалық бөлімінің ЭСиС-110 тобының студенті  Литвинюк Владислав иеленді. Қыздар арасында 1 -орынды ақпараттық технологиялар бөлімінің П-130 тобының студенті Кабиева Данагуль, 2-орынды энергетикалық  бөлімінің ТОРО-110 тобының студенті Абдылманова Дильназ, үшінші орынды гуманитарлық бөлімінің студенті Бучекей Жасмин иеленді.

   Барлық студенттерге белсенді қатысқаны үшін үлкен рахмет және жарыстың келесі түрлеріне қатысуға шақырамыз.

 

Дене шынықтыру және АӘД” ЦӘК төрайымы Таржакаева А. М.